
Биыл 72 мың қазақстандық табиғи газға қол жеткізеді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті. Министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде Қ. Бозымбаев, елді газбен қамтамасыз ету жұмысы кезең-кезеңмен жүзеге асып жатқандығын атап өтті. Бүгінгі таңда 8 миллион адамның үйі газға қосылған. Бұл — Қазақстан xалқының 46,3 пайызы. Былтыр Батыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарындағы 50 елдімекенге газ жүргізілді. «2017 жылы тағы 8 елдімекенді газдандыру жоспарланған. Бұл шамамен 72 мың тұрғын. Биыл тұңғыш рет Талдықорған қаласына газ тартылады», — деді министр.