
Ел аумағына 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталады. Заңдастыру рәсімі бір реттік екенін ескеріп, 1 шілдеге дейін өтіп үлгеру керек.
Сыртқы істер вице-министрі Игорь Лепеха тіркелмеген көлікті түрлі жағдайда иеленген, заңға бағынатын тәртіпті жүргізушілерге ғана қатысты екенін ескертті.
«Конструктор көліктерді тіркеуге қою тіпті қарастырылмайды да. Әйтпесе, елге бөлшектеп әкеліп, осында құрастырған мәшинелерді заңдастырғысы келетіндер бар», — деді ол.
Оның пікірінше, қолдан құрастырылған көлік адам өміріне қауіп төндіреді. Вице-министр ондай «конструктор» көліктің талай рет жолдағы апатқа себепші болып, адам өліміне әкеп соққанын алға тартты.
«Бұл мәшинелер бөлшектеп әкелінген. Қозғалтқышы бір бөлек, басқасы бір бөлек жеткізіліп, елде құрастырылды. Демек ол көлік емес, бөлшек. Қозғалтқыш әкелдің бе, қозғалтқыш деп сат. Екінші бір жолы – көлікті шығарған елге (көбіне Жапонияға) апару.
Ішкі істер министрлігінің дерегінше, ел ішінде 20 мың оң жақ рульді, қолдан құрастырылған 5000 мәшине бар.
Сондай-ақ заңсыз жасалған құжаттар да тіркеуден өте алмайды. ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев бұған қатысты мәлімдеме жасады: «Бұл көліктерді заңдастыруға алып келген кезде біз ол автокөліктердің қай елде және қай жерде тіркеуде тұрғанын міндетті түрде тексереміз. Екіншіден, көлік қай уақытта шекарадан өткенін, сонымен бірге ол кедендік кедендік баж салығын төлеген бе, төлемеген бе ол да қаралады. Үшіншіден, біздің тіркеу пунктарында арнайы полиция қызметкелері — эксперт-криминалистер. Олар автөліктің нөмірін және оның бөлшектерінің нөмірін, ондағы құжатты заңды не заңсыз екенін жіті тексереді.
Наргүл Мырзахмет