jasqazaq.kz

Болат Ақшолақов: Екібастұздағы апат – кешенді қателік

30 желтоқсан 2022, 14:00

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Екібастұздағы апаттың себептерін атады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Екібастұздағы апат – кешенді қателік. Оған станция бастығы немесе инженер ғана кінәлі деп айта алмаймын. ЖЭО-да қысымды көрсететін есептеу құралдарының метрологиясына қатысты сұрақтар болды. Меніңше, датчиктердің бұрыс көрсеткішінен кейін мамандар қысымды жоғарылатуға кіріскен. Сөйтіп, жылу желілеріндегі қысым артты, ал тозығы жеткен желі оған төтеп бере алмады. Коммуналдық қызмет шұғыл шара қабылдамады. Міне, осылардың кесірінен тұрғын үйлер жылусыз қалды. Тұрғын үйлердің жылу құбырлары мен радиаторлар зақымданды. Енді оларды толығымен ауыстыру қажет», — деді Болат Ақшолақов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, энергетика министрлігі генерация мен тікелей станцияға жауапты. Ал, жылу желілері коммуналдық қызметтің жауапкершілігінде.

Еске салсақ, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалды. 28 қараша күні таңертең қалада жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

Бас прокуратура Екібастұздағы апатты тергеу екі айға дейін созылатынын мәлім етті.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді