
Қазақстандық боксшылар тұңғыш рет олимпиадағы толық құраммен барғалы жатыр. Ертең, яғни 28-ші шілде күні тағы сағат 5.55-те Астана әуежайынан КL-0405 рейсімен еліміздің боксшылар командасы Рио-Де-Жанейроға аттанады.
Қазақстан Бокс фередерациясы шығарып салушыларды Астана әуежайына тіркеу мен отырғызу басталмас бұрын келуін сұрайды. Ол үшін шығарып салушылар әуежайға түнгі 2.30-2.45 аралығында болуы керек. Орайы келгенде айта кетейік, биылғы олимпиадада ел намысын Біржан Жақыпов (49 келі),Олжас Сәттібаев (52 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Берік Әбдірахманов (60 келі), Абылайхан Жүсіпов (64 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Василий Левит (90 келі), Иван Дычко (+91 келі) қорғайды. Қыздар арасынан Дариға Шакимова мен Жайна Шекербековаға үміт артылып отыр.
Боксшыларымызға сәттілік тілейік! Көк байрақты биіктен көтеріп, жеңіспен оралуға жазғай!
Меңдолла НҰРЫМҰЛЫ