jasqazaq.kz

Бойжеткенді танысы қамап ұстаған

06 қазан 2016, 19:23

20161004191247

Алматыда 2 қазан күні жоғалып кеткен 19 жастағы Диана Советхан аман-есен табылды. Оны төрт күн бойы таныстарының бірі күштеп ұстап отырған.

Бойжеткеннің ағасы Рашид Тұрсыновтың айтуынша, Диананы полицейлер мен жақындары GPS-навигатордың көмегімен тапқан.

«Біз Диананы Бағанашыл ауылынан таптық. Ол дін-аман. Алайда жігіт алып қашып кеткендіктен, қатты қорқып қалған. Ол Дианадан ұялы телефонын тартып алған. АІІБ-ге жеткенімізде, Диана әлгі жігітпен танысу сайты арқылы бірнеше ай бойы сөйлесіп жүргенін айтты», –  дейді Рашид.

Рашид жігіттің қандай мақсатты көздегені түсініксіз екенін алға тартты.  «Үйлену туралы әңгіме болмады. Тек полицейлер сұрақтың астына алғаннан кейін ол үйленгісі келетінін айтты. Алайда төрт күн бойы одан еш хабар болмады. Ал дәстүр бойынша құдалар алып қашқаннан кейін бір тәулік өткесін келуі тиіс. Ол жігіттің жеке қателігі», – дейді Тұрсынов.

Бойжеткеннің туыстары жігітке жаза тағайындалғанын қалайды.  Еске салсақ, Диана 2 қазан күні жұмысынан үйге қайтпай, хабарсыз кеткен болатын. Бойжеткен бала тәрбиешісі болып жұмыс істейді.

 

nur.kz

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық