
Көкшетау полицейлері адам сату дерегін анықтаған. Күдікті үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін.
«ІІД -нің ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының мәліметінше, биыл қаңтарда облыс орталығының 22 жастағы тұрғыны Атбасар қаласының 20 жастағы тұрғынын 100 000 теңгеге сатып жіберген», — делінген таратылған хабарламада. Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабының 1-бөлігі («Адам саудасы») бойынша сотқа дейінгі шараларды жүргізіп жатыр. caravan.kz хабарлағандай, қыздың не үшін сатылғаны тексеріліп жатыр. Осы бап бойынша, күдіктінің мүлкі тәркіленіп үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін.