jasqazaq.kz

Бойжеткен пәтер тонапты

02 наурыз 2017, 12:00

Биыл 26 қаңтарда Қызылорда қаласының тұрғыны Арай мөлтек ауданы аумағындағы үйіне белгісіз біреулер ешкім жоқ кезде кіріп, алтын, күміс бұйымдарын, «Asus» үлгісіндегі ноутбугын, Nokia маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткендігін хабарлаған.

ҚазАқпарат хабарлағандай, нәтижесінде үй егелеріне 325 000 теңге көлемінде шығын келтірілген. Ұйымдастырылған жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының 23 жастағы азаматшасын ұстады.

Тергеу жұмыстары барысында күдіктінің 10 пәтер ұрлығына қатысы бары анықталған. 23 жастағы азаматша барлық пәтер ұрлығы қылмыстарын бір жүйемен іске асырған. Пластик терезелері бар тәуір үйлерді таңдап, ол үйлерде үй қожайындары жоқ екендігіне көз жеткізіп, терезені бұзып кіріп, алтын бұйымдарды, ақша, ұялы телефондар мен ноутбуктарды қолды етіп отырған. Негізінен барлық ұрлық қылмыстары күндізгі уақыттарда, яғни сағат 09.00-ден 18.00 аралығында орын алған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 2 млн. теңгеге жуықтап отыр. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі (Ұрлық) негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Айғақты заттар алынып, ұсталған азаматшаның тағы осындай фактілерге қатыстылығы анықталу үстінде.

 

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты