jasqazaq.kz

Бойжеткен байланысын үзген отбасылы жігіттен жүкті болып қалған

16 сәуiр 2017, 12:33

Қазақстандық әйел отбасылы азаматтан жүкті болып қалған екен. Ол бұл жаңалықты баланың әкесімен бөлісе алмай жүр. Осы орайда, Ажар Пернебекқызы жұрттан ақыл сұрады. Бұл туралы “Мен әйелмін” парақшасында жазылды.

Ажар Пернебекқызы (есімі өзгертілді) бір рет тұрмыста болған. Ажырасқан соң жанына жігіт атаулысын жолатпаған. Десе де, сүйіктісін кездестіріп, бірнеше жыл бойы қыз-жігіт болып жүреді. Артынша әлгі сүйіктісінің әйелі бар екенін біледі. Осылайша оны босатуға шешім қабылдайды. Бар қиындығы – әлгі азаматтан жүкті болып қалғаны.

«Көмектеріңіз керек болып тұр. Бір рет тұрмыста болғанмын. Ажырасқаныма 4 жыл болған соң бір жігітпен таныстым. Ол өмірімді түбегейлі өзгертті. Жаңа тынысым ашылғандай болды. Уақыт өте келе оның отбасы барын білдім. Дәлірек айтсам, екінші рет үйленген екен. Бірінші некесінен бір ұлы бар. Екінші әйеліне аяғы ауыр болғандықтан, үйленуге мәжбүр болған. Осыны білсем де, одан бас тарта алмадым. Көп жылдан бері жаныма жолауға рұқсат берген алғашқы жігітім болды. Бірақ қазір бірге емеспіз.

Оның күн сайын басқа әйелге баратынын көтере алмадым. Жаңа өмір бастауға шешім қабылдадым. Алайда барлығы мен жоспарлағандай болмай жатыр. Бүгін ішімде 3 апталық шарана барын білдім. Дәрігерлер балалы болуым екі талай екенін айтып ескерткен. Сол себепті, не қуанарымды, не жыларымды білмей отырмын. Босана салысымен қарғыс еститінім анық. Жасағандарым үшін қатты өкінемін. Әлгі жігітті отбасының шырқын бұзбау үшін босатқан едім. Оған енді жүкті екенімді айтқаным дұрыс па? Ақыл қосыңыздаршы», – дейді Ажар Пернебекқызы.

Stan.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық