jasqazaq.kz

Биыл Шымкентте 12 туристік жоба іске қосылады

25 наурыз 2023, 12:07

Климаты мен географиялық орналасуы қолайлы болып табылатын үшінші мегаполисте биыл 12 жаңа туристік нысан ашылады. Бұл әлеуеті жоғары Шымкент қаласының аймақтағы ірі туристік орталықтардың бірі ретінде қалыптасуына септігін тигізіп, кең мүмкіндіктерге жол ашады.

Туризм саласындағы бұл инвестициялық жобалар — «Diamond Hotel», «Barsa», «Таукехан Plaza», «Cosmopolitan Hotel», «7Jol» сияқты жайлы қонақ үйлер мен демалыс кешендері бой көтеріп, іске қосылады. Жобаларды жүзеге асыру құны 9 млрд теңгені құрайды. 400-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Өткен жылы қаламызда «Пана», «Дора», «Grand Villa Hotel», «Wind hotel», «Big rooms», «Graf» қонақ үйлері сынды 6 жоба жүзеге асырылып, 145 адам жұмыспен қамтылған болатын. Бұл жұмыстар қаламыздағы орта және шағын бизнестің өркендеуіне оң әсер етіп, тұрақты табыс көзі мен жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Туризм – еліміздегі ең қарқынды дамып келе жатқан саланың бірі. Ресми статистикаға сүйенсек, Қазақстанға келуші туристер саны жөнінде 20 өңірдің ішінде Шымкент қаласы алғашқы үштікті иеленіп отыр. Республикалық маңызы бар мәртебесін алғаннан кейін шаһардың инвестициялық тартымдылығы артып, келуші туристердің саны күн сайын өсіп отыр.

Одан бөлек, 2022 жылы қаламызда түрлі ас мәзірін ұсынатын мейрамханалар, туристік ұйымдар, спорттық кешендер мен сауда үйлері ашылып, өз жұмысын бастаған болатын. Олардың қатарында Бозжыра, Apple Tree, On Fit, world class, Дур плаза, CIT travel секілді ірі жобалар бар.

Қаламыздың туристік бизнес саласы мен экономикалық дамуына инвесторлар да өз үлесін қосуда. Отандық туризмді одан әрі ынталандыру мақсатында кәсіпкерлерге мемлкеттік қолдау шаралары ұсынылған. Мәселен, кәсіпкерлер туристік нысан салу кезінде шығындардың 10 пайызын мемлекет өтейді.

Бибайша Нұржанқызы

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта