jasqazaq.kz

Бішкекте ұсталған О.А. қайтыс болған адамның төлқұжатын пайдаланған

29 қантар 2024, 15:17

Елімізде қаржы пирамидасын құрып, оған басшылық жасаған О.А. есімді азаматтың елден қашып кеткенін, жуырда Бішкектен табылғанын жазған едік. Өткенде ол Алматыға жеткізіліп, қамауға алынды.

Енді оның қалай ұсталғаны, көрші елде не бүлдіргені туралы ақпарат шықты. 24.kg жариялаған Бішкек ішкі істер департаментінің хабарламасында О.А. 2000 жылы қайтыс болған қырғыз азаматының төлқұжатын алып, бірнеше рет пайдаланғаны айтылған.
Бішкекке барып бас сауғалаған қашқынға тіркеу мекемесінің лауазымды тұлғалары көмек көрсеткен. Сол кезде төлқұжатты заңсыз дайындап бергені үшін Бішкек қаласы Октябрь аудандық тұрғындарды тіркеу департаментінің паспорт-виза бөлімінің жетекші маманы (әйел адам) анықталып, қамауға алынды.

Оған қоса, біздің қашқын есірткі заттарын сақтағаны үшін жауапқа тартылып, 150 мың сом айыппұл төлеген.
Толық есімін жазбай, О.А. деп жұмбақтап қойған азаматтың кім екенін jasqazaq.kz кішігірім зерттеу жүргізіп, анықтаған болатын

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі