jasqazaq.kz

Бішкекте ұсталған Қазақстан азаматы О. А. кім?

08 қантар 2024, 18:09

Қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен іздеуде жүрген қазақстандықтың Бішкекте ұсталғанын бұрынырақ хабарладық. Еліміздің ішкі істер министрлігінің ресми ақпаратында оның ныспысы О.А. деп берілген. Біз сол О.А-ның кім екенін анықтауға тырыстық.
Кейбір ақпарат құралдарындағы дерек бойынша, оған 2021 жылы күзде іздеу жарияланған. Сол кездегі Алматы қаласы полиция департаментінің ресми ақпаратында былай деп жазылыпты:
«1985 жылы туған Ораз Әділет Жұмабайұлына ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабында (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) қарастырылған қылмысты жасады деген күдікпен іздеу жарияланды».
Сондықтан О.А. дегені осы Әділет Ораз сияқты. Жұрт оған қатысты сол 2021 жылдың көктемінде шағымданған. Сөйтсек, Әділет Ораз белгілі вайнерлерді соттауға себеп болған Mudarabah Capital қаржылық пирамидасының басшысы екен. Қазір одан бөлек вайнер Әзімжан Саидбаев та іздеуде жүр. Ол кезінде Mudarabah Capital-ды жарнамалауға тартылыпты.
Бұл пирамиданы жарнамалауға басқа да вайнерлер тартылған болатын. Жалпы, Mudarabah Capital ісі бойынша 12 адам сот алдында жауап берген еді. Солардың екеуі – белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов. Сот бұларға 5 жылдан жаза мерзімін белгіледі. Ал қалғандары 6 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, Mudarabah Capital 200 адамды тақырға отырғызған. Оларға келтірілген шығынның жалпы көлемі 2 миллиард доллар шамасында.

Оразәлі Баймұрат

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі