jasqazaq.kz

Қ.Бишімбаев оның себебін айтпады

08 қараша 2016, 17:02

bish3mbaev

ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзіне қарасты ведомствода мыңға жуық жұмыс орнының не себепті бос тұрғанын айта алмады. Бүгін Үкімет отырысынан кейін ол осы мәселеге қатысты сұраққа жауап беруден бас тартты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Айта кетейік, жақында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің кеңейтілген мәжілісінде Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков ұзақ уақыт бойы бос орындарды ұстап, жұмысқа адам алмай жатқан министрліктерді сынға алды. Оның пікірінше, аталған мемлекеттік органдар резервте бар адамдарды қызметке қоюға асықпаса, ондай ведомствоның штатын қысқарту қажет. Мәселен, қаржы министрлігінде 970 қызмет орны бос тұрса, ұлттық экономика министрлігінде — 900-ден астам, ал ауыл шаруашылығы министрлігінде 280 қызметке әлі адам ала қоймаған. Неге ол орындар бос тұр? Бәлкім, сол министрліктердің штатын қысқартамыз. Соның арқасында біраз ақшаны үнемдеуге болады», — деп атап көрсетті Президент Әкімшілігінің басшысы. «Маған түсінік бермесем бола ма? Менің басқа жұмыстарым бар. Бүгін бәсекелестік мәселесі қаралды. Сондықтан комментарий бермей-ақ қояйын. Қазір уақытым жоқ», — деді Қ.Бишімбаев кетіп бара жатып. Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрлігі осы мәселеге қатысты түсініктеме берген болатын. Сондай-ақ, бүгін Үкімет отырысынан кейін қаржы министрі Бақыт Сұлтанов та министрліктің штатын қысқартуға қатысты өз пікірін білдірген еді.

ҚазАқпарат

02 мамыр, 16:21
Алматы облысындағы туристік орындардан 200 тоннадан астам қоқыс жиналды
01 мамыр, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды
30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства