jasqazaq.kz

Бишімбаев базардағы монополияны бұза ала ма?

20 қыркүйек 2016, 14:46

Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев азық-түлік бағасын тиісті деңгейде ұстауға арналған ұсыныстарды жариялады. Оның айтуынша, бүгінде базардағы монополияны бұзып, отандық өнімдерді сөрелерге көптеп енгізу керек. Сондай-ақ азық-түлік бағасының ең төменгі және шекті бағасын заңды түрде белгілеп алған жөн, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

 «Иә, отандық өнім өндірушілері үшін базар мен нарық сөрелеріне өз тауарларын көптеп қоюға мүмкіндік жасау қажет. Негізі, әкімдіктер қазіргі жағдайға әсер ете алмайды. Себебі ол жерде ірі көтерме саудагерлері өз монополиясын орнатып қойды. Ал заң жүзінде осы мәселені шешу тетігі жоқ. Біздіңше, отандық өнім өндірушілері сауда орындарының 20-30 пайызында орналасуы тиіс»,- дейді Қ.Бишімбаев.

Бұдан бөлек, министр әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің нақты бір бағасын белгілеуді ұсынып отыр. Ал импортқа тәуелді болып отырған ірімшік, қант, тауық еті, жарма және тағы басқа тауарлардың отандық өндірісін күшейту керек. Ол үшін тиісті мемлекеттік бағдарламаларға өзгерістер енгізілуі шарт.

«Алдағы уақытта әлеуметтік дүкендерді ашу, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу сияқты шараларды жалғастыра беру керек. Ал азық-түліктің көтерме бағасына ақшаны тым көп қосатынын ескере отырып, қалалардың маңайында ірі көтерме базарларын көптеп салу қажет»,-деп атап көрсетті министр.

 

baq.kz

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты