jasqazaq.kz

Қ. Бишімбаевқа қатысты тергеу амалы жүргізілуде

30 желтоқсан 2016, 18:59

Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Елбасы Сыртқы істер министрлігінің басшылық құрамымен кездесу барысында Ұлттық экономика министрлігіндегі кадрлық өзгерістер туралы хабардар етті.

«Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев «Бәйтерек» холдингіндегі қызметі бойынша туындаған мәселелерге байланысты лауазымынан босатылды. Қазіргі таңда оған қатысты тергеу шаралары жүргізілуде. Ұлттық экономика министрлігінің жаңа басшысы болып Тимур Сүлейменов тағайындалды. Өзіне жүктелген міндеттерді атқару оның қолынан келеді деп ойлаймын», — деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, кеше, 29 желтоқсанда Тимур Сүлейменов ұлттық экономика министрі болып тағайындалған болатын. Оған дейін бұл министрлікті Қуандық Бишімбаев басқарған болатын. Ол бұл қызметте 8 ай ғана болған. Қуандық Бишімбаев ұлттық экономика министрі қызметіне дейін «Бәйтерек» холдингін басқарған.

17 қарашада «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ басшылары ұсталған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ басшысының пара алу дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізген еді. Тергеу барысында «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ лауазымды Жақыпов А. (Басқарма төрағасының орынбасары), Айтымбетов Б. (мемлекеттік-жекеменшік серіктестік дирекциясы департаментінің басшысы) және Сариев Ғ. (басқарушы директор) есімді лауазымды тұлғалар жүйелі түрде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалдамалы тұрғын үй кешенін сату қызметтерін көрсететін құрылыс компанияларынан ірі көлемде пара алғаны анықталды.

Бүгін, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
Бүгін, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции