jasqazaq.kz

Бірнеше мың адам Фейсбук арқылы шақырған туған күнге қатысты (Фото)

28 желтоқсан 2016, 4:00

Мексикада Руби Гарсияның 15 жасқа толған туған күні (кәмелетке жасқа толуы) үлкен гала-концертке ұқсап өткізілді, ашық аспан астындағы би алаңында мыңдаған қонақтар жиналып, БАҚ өкілдері осы жерден хабар таратты.

Қыз бала аса танымал емес және ата-анасы да ауқатты кісілер емес. Тек оның әкесі туған күнді атап өтуге достары мен көршілерін Фейсбук арқылы шақырған. Алайда оның видео шақыруын жүз мыңнан астам адам тамашалады. Роликте қыздың әкесі «барлық жұртты сауық кешке шақырдым» дегенін желі пайдаланушылары қаз қалпында ұққан, деп хабарлайды Mashable.

Осы шақыру Мексикада өте танымал болып кетті. Миллиондаған адамдар кешке міндетті түрде қатысатынын мәлім еткен. Флешмобқа жергілікті жұлдыздар да үн қосып, тіпті бір әуе компаниясы қыз тұрып жатқан Сан-Луис-Потоси қаласына арнайы рейс ұйымдастырып, оған жеңілдік жасаған. Ол бағдардың ұранын «Сен де Рубидің туған күніне барасың ба?» деп таңдап алған.

Бастапқыда аталмыш отбасы сауық кештің осыншама жария болып кеткенінен сескеніп, роликті көпшілік тамашалай алмайтын етіп өзгерткен. Алайда кейін райларынан қайтып барша қонаққа ранчоларының есігі ашық екендіктерін жеткізген. Ақырында тойға бірнеше мың адам қатысты. Сол маңды полицейлер күзетіп, жедел жәрдем қызметі кезекшілік етті.

 

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық