jasqazaq.kz

Бірқатар өңір су тасқынына қарсы іс-шараларды толық жүргізбей отыр

24 қантар 2023, 10:56

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин су тасқынына қарсы іс-шараларды тыңғылықты атқармай отырған өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақмола облысында, Көкшетау қаласында Қылшақты өзенінің арнасын тазалау және оның автомобиль көпірінің астындағы өткізу қабілеті ұлғайту толық көлемде жүргізілмеген. Батыс Қазақстан облысында өткен жылы су жағалаудан шыққан Шалғын ауылының шегінде Шиелі өзенінің арнасы тазаланбаған. Ақмола облысы Р.Қошқарбаев ауылының ауданында Нұра өзенінің жағасын нығайтуды қаржыландыру мәселесі шешілген жоқ. Су тасқыны болғанда жыл сайын жағалау бұзылады, су үйлерге жақындайды. Биыл жобалық-сметалық құжатты қолданылу мерзімі аяқталады», — деді Юрий Ильин Үкімет отырысында.

Оның дерегінше, өткен көктемде Түркістан және Маңғыстау облыстарында елді мекендердің су басуына арық-нөсер жүйелерінің болмауы не өткізу қабілетінің жеткіліксіздігі ықпал еткен. Алайда Маңғыстау облысының әкімдігі жағдайдың қайталануын болдырмау үшін әлі де пәрменді шаралар қабылдамаған.

«Астана және Алматы қалаларында, Алматы, Абай, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында арық-дренаж жүйелері де қатты жауын-шашында шамасы келмеді. Су тасқыны кезеңіндегі тағы бір проблема толып кету және жолдардың бұзылуы, бұл көлік қозғалысының үзілуіне және жекелеген елді мекендердің оқшаулануына әкеледі», — деді министр.

09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики