jasqazaq.kz

Бірқатар ел Қытайдан келетін туристер үшін коронавирусқа тест енгізді

31 желтоқсан 2022, 16:45

Англия, Франция, Испания және бірнеше ел Қытайда коронавирустың жаңа толқынының басталуына алаңдап, осы елден келген әуе жолаушылары үшін тест тапсыруды міндеттеді. Бұл туралы  ВВС-ге сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Израиль мен Оңтүстік Корея да қытайлықтар үшін ковид шектеулерін қайтаратынын жариялады. Бұған дейін АҚШ, Үндістан және Италия Қытайдан келген жолаушыларға тестті қайта қолға алды.

Ұлыбритания тестті 8 қаңтардан бастап енгізді. Ел үкіметі Қытайдан түскен эпидемиологиялық ақпараттың жетіспеуінен осындай шешім қабылдауға мәжбүр болған.

Тестті тек Англия әуежайларында көрсету қажет, алайда қазіргі таңда Қытайдан Шотландия, Уэльс немесе Солтүстік Ирландияға тікелей рейс жоқ.

Франция Қытайдан келген әуе жолаушыларынан ұшудан 48 сағат бұрын жасалған коронавирус тестін талап етеді.

Ал Испания вакцинаны толық алған қытайлықтарға елге тестсіз кіруге рұқсат етті.

Италия мен Испания болса, жолаушылар елге келген бойда әуежайда вирусқа сынама алады.

Франция мен Испания пандемиялық шектеулерді қашан қайтаратынын нақтыламады.

Қытай үкіметі күн сайын бес мыңнан астам адам коронавирус жұқтырып жатқанын хабарлады, бірақ көптеген талдаушылар бұл санның төмендетілгенін, шындығында жаңа жағдайлар көрсеткіші миллионға жетеді деп есептейді.

Германия, Аустралия мен Португалия жаңа антивирус шаралары әзірге енгізілмейтінін мәлім етті.

15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка