jasqazaq.kz

«Birgemiz: Qamqor»: 3 мың қарияға қолдау көрсетілді

24 ақпан 2023, 16:03


Елімізде «Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы жалғасын тауып келеді.

Үш жылдық «Birgemiz: Qamqor» жобасы қарттар үйлері мен халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне қарасты әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтардың тұрғындарын қолдауға бағытталған.
2022 жылы «Birgemiz: Qamqor» жобасын ұйымдастырушылар әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында жұмыс істеуге ниетті 1000 еріктіні арнайы оқытудан өткізді.

Сонымен қатар шағын гранттар конкурсының нәтижесінде 30 жеңімпаз өздерінің волонтерлік бастамаларын жүзеге асырды.

«Birgemiz: Qamqor» әлеуметтік жобасын іске асыру 2023 жылы да жалғасады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, дәстүр бойынша жалғызбасты қарттарға көмек көрсету және еріктілерді әлеуметтік өмірге тарту мақсатында түрлі бастамаларды қолдауға бағытталған шағын гранттар конкурсы биыл да өтеді.

Жоба аясында 2023 жылы 300 мың теңге мөлшеріндегі 30 шағын грант бөлінеді деп күтілуде.
Сондай-ақ, жоспарға сәйкес жобаға бір жыл ішінде кемінде 2 мың волонтёр тартылмақ.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Birgemiz: Qamqor» әлеуметтік жобасы 2024 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады.

Жоба операторы – АҚДМ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде