jasqazaq.kz

Бір жылға жарысқа қатысу құқығынан айыруы мүмкін

17 тамыз 2016, 11:47

 

photo_23634

 

 

 Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Рио-де-Жанейродағы Олимпиада аяқталғаннан кейін Ресей, Қазақстан, Беларусь ауыр атлетика федерациясын бір жылға жарысқа қатысу құқығынан айырады, IWF басшысы Тамаш Аян осылай мәлімдеді. Бұл туралы ресейлік РИА Новости агенттігі хабарлады.

«Риодағы Олимпиададан кейін бірқатар елдердің мүшелігін тоқтатамыз. Оған кепілдік беремін. Олар –  Ресей, Қазақстан, Беларусь, – деп мәлім етті IWF басшысы. -– Қайта талдау аяқталған жоқ, ақпарат күтіп отырмын, тағы бірнеше ел жарыстан шеттетілуі мүмкін. Оны қыркүйектің аяғында немесе қазанда мәлімдейміз».
IWF  атқарушы комитеті 22 маусымда спортшылары  допинг қолданған елдер федерациясын қайта тексергеннен кейін 2008 және 2012 жылғы Олимпиадаларда үш немесе одан көп допинг сынама оң көрсеткіш берген жағдайда, бір  жылға жарысқа қатысу құқығынан айыратын қаулы қабылдады. Оған Ресей, Қазақстан, Беларусь ілігуі ықтимал.

 

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық