jasqazaq.kz

Бір отар қойды ұрлап, сойып сатқан

27 наурыз 2017, 16:00

Оңтүстік Қазақстанда бір отар қойды ұрлағандар ұсталды. Барымташылар қылмысын 8 наурыз күні жасаған. Отырар аудандық ІІБ кезекші бөліміне Маяқұм ауылының тұрғыны арызданған.

Оның сөзінше, түнгі уақытта белгісіз біреулер келіп, қорасындағы 29 қойын қолды етіпті. Оқиға орнына барған полицейлер жәбірленушіге жалпы сомасы жарты миллион теңгеден астам залал келгенін анықтаған. Жедел іздестіру шаралары кезінде 23 және 25 жастағы жергілікті тұрғындар қолға түсті. Жауап алу барысында қос күдікті де өз кінәларын мойындады. Олар ұрланған малдарды сойып, етін базарларға өткізіп жіберген. Полицейлер айғақты зат ретінде терілер мен бірнеше келі ет тәркілеген. ҚазАқпарат хабарлағандай, қазіргі таңда полицейлер күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабымен іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық