jasqazaq.kz

Білімді ұрпақ — ұлт болашағының кепілі

29 наурыз 2023, 11:54

Елордалық білім беру мекемелерінің оқушылары 15 жыл қатарынан республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда тұрақты түрде «Ең үздік олимпиадалық команда» атанып келеді. Жуырда ғана Шымкент қаласында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша өткен республикалық олимпиадаға қатысқан астаналық оқушылар өздерінің жоғары білім деңгейлерін кезекті рет дәлелдеп, қатарынан 50 жүлдеге ие болды.

Осы талантты балалардың ішінде биологиядан халықаралық олимпиаданың жүлдегері, сол пән бойынша республикалық олимпиаданың алтын медаль иегері, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Омар Дінмұхамед, физикадан халықаралық олимпиаданың жүлдегері, сол пән бойынша республикалық олимпиададан алтын (2022 жыл) және күміс медаль (2023 жыл) алған «Зерде» мамандандырылған мектебінің 11 сынып оқушысы Қайнар Сұрағанов және тағы басқалар бар.

Мұндай тұрақты табыстың кілті неде және талантты балаларды қалай тануға болады? Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы директорының міндетін атқарушы Жанар Бейсенбаева осы саладағы жұмыстар жайлы әңгімелеп берді.

Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 8 қыркүйектегі қаулысымен құрылған «Астана дарыны» орталығы елордалық білім беру мекемелерінің дарынды балаларын анықтау және қолдау бойынша жүйелі әрі жоспарлы жұмыс атқарып келеді.

Барлық күш-жігеріміз жас дарындардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамытуға бағытталған және орталықтың жүйелі жұмысының арқасында олимпиада қозғалысына қатысушылар саны да, сапасы да жыл сайын арта түсуде.

Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Орталық мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері мен бастауыш сынып оқушыларынан бастап бірқатар іс-шараларды өткізуде. Атап айтсақ, «Жұлдызды жол» олимпиадасы, «Елорда еркетайы» шығармашылық байқауы, «Бестемше» спорт жарысы, 2-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» қалалық зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалар конкурсы, 2-4 сынып оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиада.
Жыл сайын 7-8 сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық жасөспірімдер олимпиадасы, 5-6 сыныптар арасында республикалық пән олимпиадасы, география пәнінен Ұлттық олимпиада, химия және биология пәндер бойынша аймақтық олимпиада өтеді.

Жоғары сынып оқушылары үшін – республикалық деңгейдегі президенттік және лингвистикалық олимпиадалар, жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық ғылыми жобалар байқауы, қалалық және республикалық «Абай оқулары», «Мұқағали оқулары», «Ақселеу оқулары», «Қадыр оқулары», «Мағжан оқулары», «Абай әлемі», «Менің шағын Отаным», «Менің бастамам – менің Отаныма», халықаралық STEM олимпиадасы, робототехника бойынша «Robotek Grand Tournament» турнир, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында «Chevron» компаниясының қолдауымен Астана қаласының американдық бұрышымен бірлескен «Makerspace Hardware Projects» робототехника бойынша ғылыми-техникалық жобалар қалалық конкурсы және т.б. іс-шаралар өткізіліп отырады.

Мектеп оқушыларының олимпиадалық қозғалысы – республиканың білім кеңістігіндегі беделді әрі ауқымды жобалардың бірі. Жалпы білім беретін пәндер бойынша жыл сайын ұйымдастырылатын білім сайыстарында жалпыкомандалық есепте еліміздің «Ең үздік олимпиадалық командасы» атанып келе жатқан Астана қаласы оқушыларының жетістігі – орталық пен ұстаздар қауымының бірлесе атқарған еңбегінің жарқын дәлелі.

Мысалы, 2023 жылдың 20-25 наурызында Шымкент қаласында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша өткен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне Астана қаласынан (9-11 (12) сыныптар) 70 оқушы қатысты.

Елордалық жас зияткерлер жоғары білім деңгейлерін тағы да дәлелдеді. 50 жүлделі орынға ие болып, Олимпиададағы тамаша жетістіктерімен қуантуда. Астана қаласының қоржынына барлығы 7 алтын, 18 күміс және 25 қола медаль түсті!

Пәндік олимпиадаларға қатысу оқушылардың тұлғалық өсуі мен дамуына көп мүмкіндіктер береді. Бұл — өмірде жетістікке жету үшін қажетті жаңа білімді меңгеру және мамандық таңдау, емтиханға дайындалу, өз қабілеті мен қызығушылығын анықтау.

Зияткерлік олимпиадаларға сапалы дайындалу және жоғары нәтиже көрсету үшін Орталық демалыс кезінде оқу-жаттығу жиындарын өткізеді, оған бұрынғы олимпиадалардың — өткен жылдардағы халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері тартылады.
Елордалық білім беру мекемелерінің оқушылары Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Болгария, Венгрия, Кипр, АҚШ, Бразилия, Португалия, Колумбия және тағы басқа елдерде өткен халықаралық интеллектуалдық олимпиадаларда табысты өнер көрсетті: 273 оқушы халықаралық рейтингтік олимпиадалар мен ғылыми олимпиадаларға қатысып, жеңімпаз атанды. 139 медаль, оның ішінде: 26 алтын, 37 күміс, 76 қола медаль (орындалу сапасы 51%) иеленді.

Бұл үздік нәтижелердің ар жағында пәнге деген қызығушылық қана емес, көп жылғы қажырлы еңбек, Астана қаласы Білім басқармасының қамқорлығы, елордалық мектептер мен ЖОО-ның үздік оқытушыларының қатысуымен күшейтілген жаттығулар, сондай-ақ республикалық олимпиадалардағы жетістіктер жатыр. Солардың қорытындысы бойынша балалар ұлттық құрамаға қосылады. Астана қаласының 16 олимпиадашысы ең беделді әлемдік пәндік олимпиадаларға қатысу үшін Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамына кірді.
Айта кетерлігі, елімізде дарынды балалармен жұмыс істеуге жеткілікті көңіл бөлініп келеді. Республикалық және халықаралық рейтингтік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне республиканың жоғары оқу орындарында оқу үшін білім гранттары беріледі.
Республикалық олимпиадалардың, конкурстар мен байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған елорданың дарынды жастарын қолдау және сүйемелдеу, зияткерлік-дамытуға жағдай жасап, ынталандыру, көшбасшылықтың, дарындылықтың, креативтіліктің және патриотизмнің табысты үлгілерін насихаттау көтермелеу және ынталандыру мақсатында жыл сайын 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында Астана қаласы әкімінің дарынды балалармен кездесуі өткізіледі. Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне салтанатты түрде Астана қаласы әкімінің алғыс хаттары мен ақшалай сертификаттары табысталады.

Мектеп түлектері мен олардың ата-аналары үшін әрқашан өзекті мәселе – болашақ мамандықты анықтау және таңдауда қалай қателеспеу керек, өйткені қазіргі еңбек нарығында кәсіптің сан алуан түрі бар. Сол себепті түлектерге мамандық таңдауда және болашақ түлектің талаптары мен қажеттіліктеріне сәйкес келетін оқу орнын таңдауға көмектесу үшін 2020 жылдың желтоқсан айында Орталықта «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызмет бөлімі ашылды.

Бұл қызметтің негізгі мақсаты – 7-11 сынып оқушылары үшін жеке тұлғаның зияткерлік қабілеттері мен кәсіби өзін-өзі анықтауын, оқушының психологиясын, дағдысын, білімін, дарындылығын, икемін ескере отырып, кез келген мамандыққа бейімділігін анықтауға бағытталған.

«Qаbilet» қызметі балалардың зияткерлік қабілеттерін анықтау, кәсіби кеңес беру және 3 бағыт бойынша кәсіби маңызды құзыреттерді меңгеру мақсатында диагностика жүргізеді:
1. Ақыл-ой қабілеттерінің диагностикасы – 7-11 сынып оқушыларының интеллектуалдық қабілеттері мен мүмкіндіктерін бағалауға арналған тесттер кешені.
2. Мамандық таңдау – кәсіптік бағдар беруді кешенді диагностикалау мақсатында 9-11 сынып оқушыларына, бітірушілер мен талапкерлерге арналған сынақтар кешені.
3. Кәсіби бағдар беру – қызығушылықтар мен бейімділіктерді, қабілеттерді бағалауды, мамандықты дұрыс таңдауды ескеретін кәсіптік бағдар беруге арналған сынақтар кешені.
2022 жылы «Астана дарыны» орталығының «Qabilet» қызметі онлайн-платформасында 10-11 жас аралығындағы балалардың қабілеттерін анықтаудың «4K» (шығармашылық, сыни ойлау, ынтымақтастық, қарым-қатынас) диагностикасын ұйымдастырып, жүргізді.
Бүгінгі таңда табысты адам практикалық ойлау, шығармашылық пайымдау, топта жұмыс істей білуі тиіс.

Оқушылардың қабілетін бағалау тестілері зияткерлік, коммуникативті және шығармашылық әлеуеті дамыған, сондай-ақ жоғары академиялық жетістіктері бар балаларды одан әрі білім беруде қолдау және кәсіби бағыт беру мақсатына арналған.

Бүгінгі күнге дейін Астана қаласы бойынша 10-11 жас аралығындағы балалардың қабілет диагностикасы бойынша 18448 оқушы тіркелсе, олардың 15612-сі диагностикадан өтті.
2023 жылдың көктемінде «Астана дарыны» орталығы Exxon Mobil компаниясының қолдауымен биология және химия пәндерінен республикалық олимпиада және Astana IT University қолдауымен «Robotek» робототехника мектебімен бірлескен робототехникадан «Robotek Grand Tournament» республикалық турнирін өткізеді.

Болашақта «National Geographic Kazakhstan» танымал ғылыми географиялық журналмен бірлескен география пәнінен Ұлттық олимпиаданы республикалық деңгейде өткізу жоспарымызда бар.

Алдағы уақытта «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы осы бағыттағы жұмыстарын жалғастыра бермек. Біз жаңа идеяларды қабылдауға және ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайынбыз.

Жазып алған Абзал Ибрагим,
Астана

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата