jasqazaq.kz

Билік енді оқушыларға да смартфон ұстауға тыйым салуы мүмкін

01 тамыз 2016, 22:34

Мемлекеттік қызметкерлерге смартфон ұстауға тыйым салған билік енді оқушыларға да шектеу салуы мүмкін. Өйткені, өткен аптада қызылордалық прокурорлар ұсынған бұл бастама қоғамда қызу талқыланып жатыр. Ал, бүгін бала қауіпсіздігі тақырыбында арнайы жиын өткізген үкімет өкілдері бұдан бөлек педофилия мәселесіне де тоқталды. Соңғы күндері қоғам талқысынан түспеген қазақ-түрік лицейлерін жабу туралы сұрақтарға да жауап берді.

Мемлекеттік құжаттармен жұмыс істейтін шенеуніктерге видео мен фото түсіріп, интернетке кіру мүмкіндігі бар ұялы телефонды ұстатпау түсінікті. Ал, шәкірттердің қандай құпияны жариялауы мүмкін? Қызылорда прокурорлары шектеу туралы мәлімдеме жасай салысымен азаматтардың көбі осындай сұрақпен әлек болған-ды. Қоғам талқысындағы мәселеге қатысты білім және ғылым министрлігінің өкілдері де бүгін өз пікірін айтты.

Бұл — шенеуніктің жеке пікірі. Сондықтан, 1 қыркүйектен бастап оқушылардың мектепке смартфон апаруына тыйым салынады деуге ерте. Министрлік маманының ресми мәлімдемесі ұстамдырақ.

МӘНШҮК ӘБДІКӘРІМ, ҚР Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы:
— Прокурорлардың бұл ұсынысын қарайтын боламыз. Алайда, қазіргі таңда қоғамның пікірі біз үшін маңыздырақ. Сондықтан осы мәселе ата-аналар жиналысында талқыланып, айтылған пікірлердің негізінде тиісті шаралар қолға алынбақ.

Осы жерде ел аузынан түспей тұрған тағы бір тақырып ұмыт қалмады. Түркия елшісінің қазақ-түрік лицейлерін жабу туралы кеңесінен кейін бұл мәселе қызу талқыға түскен болатын. Министрлік Қазақстанның ішіндегі жағдайды өзіміз шешеміз деген пікірді ұстанып отыр.

ӘЙГЕРІМ ӘЛІБЕКОВА, ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы:
— Мемлекеттік мектептердің барлығы бұл — Қазақстанның мектептері. Онда қазір 6800-ден астам оқушы оқып жатыр. Ондағы жұмыс істеп жатқан мұғалімдердің 90 пайыздан астамы Қазақстанның азаматтары. Сондықтан сырттан басқада бір ұйымдардың, басқа мемлекеттің бұған араласуға құқығы жоқ деп санаймыз.

Балалар құқын қорғау мәселесіне келгенде жыл санап белең алып келе жатқан педофилия тақырыбы елеусіз қалмады. Алайда, ішкі істер министрлігінің өкілі бала зорлығы фактісі күннен-күнге көбейіп жатыр деген пайыммен келіспейді.

ӘСЕТ ОСПАНОВ, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы:
— Статистикалық мәліметтер бала зорлығы мәселесінің объективті жағын көрсетті десек те, шын мәнінде бұл жағдай жыл сайын бір деңгейде. Тек, дәл қазір қоғамның қызу талқысына түсіп жатыр. Мұны, соңғы 3-4 жылдағы интернет қолданушыларының белсенділігімен түсіндірсек болады.

Содан соң, бала зорлағандарға жазасын өтеп шыққаннан кейін қандай шектеулер қойылатынын тізбелеп берді. Ең бастысы — педофилдерді химиялық кастрациялау жолымен қатаң жазалау 2018 жылдан жүзеге асырыла бастайтынын тағы ескертті. Бұл мәселе де қоғамның қызу талқылауынан кейін қабылданғанын айта кеткен жөн. Ал шәкірттерге смартфон ұстатпау бастамасына қатысты азаматтардың пікірі әзірге екі жақты.

31.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық