jasqazaq.kz

Әбиірбек Тінәлі: «Желтоқсан желі» сол сұрапыл күндері дүниеге келді (видео)

13 желтоқсан 2016, 17:44

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналған «Желтоқсан желі» әні тура сол сұрапыл күндері шыққан екен. Бұл туралы осы керемет туындының авторы Әбиірбек Тінәлі Фейсбуктегі парақшасында жазыпты.
caravan.kz хабарлағандай, Әбиір бек Тінәлінің айтуынша, өзі ол кезде Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актер болыпты.


«Қазақтың өрімдей-өрімдей жастары әділдік іздеп Орталық алаңға шыққан шақтары… Біздер де жап-жас жігіттерміз. Газеттен жалған ақпарат оқыдық.Жазықсыз қазақ жастарына жала жабылғаны жайында… Осыншалық жастардың түгелдей дерлігі бір мезетте арақ ішіп алып, бүлік шығарып жатыр дегендеріне қу жүрегіміз сене қоймады. Жұдырығым әлденеге тарс жұмылып,өз-өзімнен ыңылдай бердім. Біздерді Алматыға қарай жібермеді.17 желтоқсан күні ойда-жоқтан ақын Әбдрахман Асылбек ағаны кездестірдім. Ағама көңіл-күйімді айттым. Ызыңдап жүргенімді байқаған ақын оның себебін сұрады. Өзара ақылдаса келе, ол кісі мені мұқият тыңдады. «Мынауың ән ғой!» деді. Мені әлденелер мазалап жүргенін айттым. Әрине,Алматыдағы болып жатқан жалақорлықтың себептері екенін жеткіздім. Ашық жазуға болмайтынын саналы түрде сезінген біздер сонау 1969 жылғы қатты қыс болған желтоқсанды меңзеп, ән мәтінін жаздық. Сөйтіп, ойымыз бір жерден шығып, өмірге «Желтоқсан желі» деген әніміз келді. 2016 жылдың 16 желтоқсаны күні бұл әнге де тура 30 жыл толады екен» дейді сазгер.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық