jasqazaq.kz

Биіктен құлап мерт болды

15 қыркүйек 2016, 18:04

Жезқазғанның орталық ауруханасында «Қазақмыс Энерджи» ЖШС-ге қарасты Жезқазған Жылу-электр орталығында 20 метрден астам биіктіктен құлап кеткен 32 жастағы ер адам қайтыс болды.

Бұл туралы «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.

«15 қыркүйек күні Жезқазғанның орталық ауруханасында «Интер 2030 ТехСервис» мердігерлік ұйымының 32 жастағы слесарі қайтыс болды. Қайғылы оқиға «Қазақмыс Энерджи» ЖШС-ге қарасты Жезқазған Жылу-электр орталығының қазандық цехында орын алды. Қазандық агрегатын оқшаулау жұмыстарын орындау кезінде ол жұмыс аймағын өз бетімен тастап кетіп, 20 метрден астам биіктіктен құлап кеткен. ЖЭО денсаулық сақтау бекетінің дәрігерлері зардап шегушіге алғашқы медициналық жәрдем көрсетті. Кейін ол жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Алайда, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады», — делінген хабарламада.

Компанияда атап өткендей, қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

inform.kz

 

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты