jasqazaq.kz

Бигелді Ғабдулин: Қазақ журналистикасының кемшілігі — ақындық пен жазушылық

09 қараша 2016, 0:39

snimok

Белгілі журналист Бигелді Ғабдуллин еліміздегі қазақ журналистикасы орыс журналистикасынан төмен деп мәлімдеді. Мұны ол қазақ баспасөзінің ақын-жазушылыққа байланып қалғанымен түсіндірді.

«Журналистика факультетіне келген балалардың мақсаты – жазушы­, ақын болу. Ал жазушылық пен журналистиканың арасы жер мен көктей. Бірақ ақын бола алмасам, журналист боламын деп ойлайды. Бұл дұрыс емес. Журналистика – бөлек сала. Санасы бар адамды журналист етіп тәрбиелеуге болады. Өйткені бұл математика, биология немесе инженерлік секілді мамандық. Ал ақын, жазушы болу – Құдайдан келетін қасиет. Мысалы, менің Жанар деген жалғыз қызым бар. Ол Америкадағы бір оқу орнының халықаралық бизнес деген факультетінде оқыған, сонда бірінші курста ең бірінші жазуға үйретеді екен дейді. Ал біздің журналистиканы бітіргендерге бірдеңе жазып бер десең, жаза алмайды. Ойы бар, бәрі бар. Тек жаза алмайды. Қағаздан қорқады. Ал америкалықтардың қалай сөйлейтінін көрген боларсыздар. Сұхбат алсаң, қатырып тұрып сөйлейді, жазса, қатырып тұрып жазады. Себебі оларға кішкентай ақпарат жазудан, арызға дейін жазуды үйреткен. Қазақ журналистикасының бір кемшілігі, қайталап айтайын, – ақындық пен жазушылық. Барлық журналистиканың минусы – осы. Мысалы, үлкен­үлкен газеттерде бір бет өлеңдер жүреді. Мен бұған қарсымын» дейді журналист.

Сонымен қатар журналис қазіргі қазақ журналистерінің дамуына, ілгерлеуіне не кедергі болып отырғанын да айтыпты.

baq.kz

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар