jasqazaq.kz

Бесінші қабатқа атпен шыққан қарағандылық 10 күнге қамалуы мүмкін

16 қантар 2023, 14:27

Ат үстінде отырып, көпқабатты үйдің баспалдағымен жоғары көтерілген қарағандылық 10 күнге түрмеге қамалуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 51 жастағы Шашубай кентінің тұрғынын анықтады. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабымен хаттама толтырылып, материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Ер адамға құқық бұзушылық әрекеті үшін 5 АЕК (17 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынады», — делінген полиция мәліметінде.
Видео Тик-ток желісінде тараған. Ер адам атпен 5-қабатқа баспалдақпен шығып, онысын видеоға түсірген.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді