jasqazaq.kz

Бес жастағы зағип Құранды жатқа біледі (Видео)

20 тамыз 2016, 13:42

a42a287f7fd2bb747805e517274c2469_resize_w_520_h_

Сауд Арабиясында бес жастағы Хұсейін Мохаммед Тахир есімді баланың туғанынан көзі көрмейді. Алайда, оның зағиптығы кейбір ересек адамдар үшін ұзақ жылды қажет ететін жетістікке жетуге кедергі болмады. Балақай бүкіл Құран аяттарын радио арқылы жаттап алған, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Islam.kz сілтеме жасап.
«Мен ұлыма радио алып бердім. Себебі, теледидардың оған пайдасы жоқ қой. Ұлым осы радио арқылы Құран аяттарын тәулік бойына беретін стансасы тыңдап жүрді. Құранды үйреніп, жаттап жүргенін білгеніммен, оны толық меңгеріп алады деп ойлаған да емеспін», — дейді әкесі Мохаммед Тахир.

Хұсейіннің отбасы Жидда қаласынан Мәдинаға көшіп барған кезде ол әкесінен Пайғамбар мешітіне алып баруын сұрайды. Әкесі осы сәт баласына бір ғана шарт бойынша келісім береді – «Бақара» сүресінің бірнеше аятын жатқа айту. Бірақ, балғын Құранның бүкіл сүресін жатқа айтып, әкесін таңқалдырады. Осы оқиғадан соң Мохаммед баласын оқытушылар мен хафиздерге көрсетеді. Дін ғалымдары да Хұсейіннің Құранды жатқа меңгергенін растап, тек бірнеше сабақ алып, білімін толықтырып, бекітуге кеңес береді.

https://www.youtube.com/watch?v=hlhU-86N1TA

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық