jasqazaq.kz

Берлиндегі қорқынышты апат (видео)

20 желтоқсан 2016, 10:22

Берлин орталығында Гедехтнискирхе шіркеуінің маңында жәрмеңке өтіп жатқан жерде жүк көлігі адамдар тобын қағып кетті, — деп хабарлайды Deutsche Welle.

tengrinews.kz хабарлағандай, басылымның мәліметінше, оқиға орнын полиция қоршауға алған. Мұнда өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем көліктері келген. Жергілікті БАҚ-тар адамдарды қаққан жүргізушінің оқиға орнынан қашып кеткенін хабарлап отыр.

Қала полициясы Twitter желісінде тоғыз адамның қаза тапқанын хабарлады. Кейін қаза болғандардың саны 12-ге жетті. Сондай-ақ, ауруханаға 48 адам жеткізілген. Полицейлер бұл оқиғаны теракт болуы мүмкін екенін айтып отыр, деп хабарлады N-TV құқық қорғау органдарының өкілдеріне сілтеме жасап.

Бұдан кейін жарақат алғандардың ішінде туристердің де болғанын айтады. Бұл туралы Берлин полициясының ресми өкілі оқиға орнында журналистерге хабарлады. Берлин полициясы әлеуметтік желілерде қала тұрғындары мен қонақтарынан рождество жәрмеңкесіндегі шабуылға байланысты көшеге шықпауын сұрап отыр.

Ал Washington Post Ирактағы дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, ДАИШ-тың бұл қылмысты өз мойнына алғанын хабарлады.

https://www.youtube.com/watch?v=fxFaEwgb7Ls#action=share

27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды