jasqazaq.kz

Бердібек Сапарбаев өзін айыптаған азаматты сотқа береді

22 шiлде 2016, 18:37

Ақтөбе облысының әкімі санаулы күн ғаламторда пайда болған бейнеролик кейіпкерін сотқа бермек. Айдын Егеубаев есімді интернет пайдаланушысы Сапарбаевты Қытайға жер сатты деп айыптаған болатын.
Облыс басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тұрғанда бір метр жер де сатпағанын айта келе, Айдын Егеубаевты сотқа беретінін мәлімдеді.
— Мен ол жігітті танымаймын. Еліміздің заңы бойынша жерді шетелге сатуға болмайды. Осы күнге дейін жауап бермегенім, ШҚО әкімдігінен ресми жауап күттім. Мен оны ресми түрде сотқа беремін, — деді Б.Сапарбаев.
Айта кетейік, күні кеше «Ақтөбе ақпарат» орталығы ШҚО Үржан аудандық әкімдігіне сілтеме жасай отырып, 2010-2011 жылдары мемлекеттік жер қорынан «Даремет» ЖШС директоры С.Хван (29827 га), «Ырғын» ЖШС директоры А.Ізімғалиев (8 712 га), «Манфагат» ЖШС директоры Н.Тасмұратовтар (48 903 га) жер алғанын хабарлаған болатын.
— Бердібек Сапарбаев ШҚО әкімі болып тұрған тұста облыста жер ҚХР азаматтарына сатылған жоқ, — деп хабарлады Үржар аудандық әкімдігінен.

Сапарбаев жершілдік пен ренжіген кадрлар туралы

«Ақтөбе ақпарат» орталығының ашық аспан астында ұйымдастырған баспасөз конференциясында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев биліктегі жершілдік пен рушылдық, әкімге қарсы жұмыс жасау мен биліктен ренжіп кеткендер, кадр тапшылығы туралы сауалдарғаа жауап берді.
— Қазір заман басқа. Талаптар да жоғары. Экономикалық дағдарыс, саяси жағдайдар бар, сондықтан халық биліктен көп зат күтеді. Халықтың жағдайын жақсарту керек. Ол үшін билік жұмыс жасау керек. Егер жұмыс жасай алмаса, орындарын босатулары керек, — деді облыс басшысы,
Сапарбаевтың пайымынша, билікте жершілдік, рушылдық деген болмау керек.
— Бізде бір-ақ ру, бір-ақ жер бар. Ол — Қазақстанның жері. Рушылдығымыз — Қазақстанның азаматы. Қазақстанның Конституциясына сәйкес, Қазақстанның азаматы Қазақстанның түкпір-түкпіріне барып жұмыс істеуге правосы бар. Ал,өңірдегі кадрлық өзгерістерге келер болсақ, мен оларға тоғыз ай уақыт бердім. Жұмыс істей алмасаңдар, орындарыңды босатасыңдар дегем. Үш әкім, оның ішінде қала басшысы бар, орындарынан кетті. Кейбіреулер «баяғы жартас — бір жартас», әкімдерді алып тастау керек еді деп жазады. Қазір мемлекеттік қызмет туралы заңнамада әкім болу үшін А корпусында болу керек. Өкінішке қарай, жақсы жігіттер бар, бірақ А корпусында жоқ, — дейді облыс әкімі.
Бердібек Сапарбаев Шалқар мен Темір аудандарының бұрынғы әкімдерінде кемшіліктер барын, бірақ тағы бір мүмкіндік беріп жатқанын жеткізді.
— Менің тәжірибемде былай: Ешуақытта жұмыстан босаған кісіні жұмыссыз қалдырмаймын. Әкім бола алмайсың, мына жұмысты жаса, басқарма басшысы бола алмайды екенсің, басқа жұмысты көр деймін. Егер маған ренжулі адамдар маған қарсы жұмыс жасаймыз десе, оны Ақтөбеде тұрып жатқан халыққа қарсы жасалып жатқан жұмыс деп түсіну керек. Бірақ маған қарсы бірдеңе ұйымдастыра қояды деп ойламаймын, — дейді облыс әкімі.

Асқар Ақтілеу,
Ақтөбе

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық