
ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жанар-жағармай бағасының неліктен күрт өскенін түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz.
«Бензин қымбаттауының бір себебі – теңгенің рубльге шаққандағы бағамының өзгеруі. Бұл дерек осыдан екі апта бұрын болған. Осы уақытта импортты бензин сатып алынып жатты. Осыдан кейін ресейлік бензиннің бағасы көтерілді. Жалпы өткен жылы теңге рубльге қарағанда 20%-ға әлсіреді. Баға рубльге шаққанда қатты өзгеріске ұшырамайды. Бірақ оны теңгеге аударсаң, тұтынушыға (бензиннің -автор) қымбатқа түскенін аңғарасың», — деді ол Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте.