Мұнай арзандаған сайын, қымбаттайтын жанармай бұл жолы да сол жүрісінен жаңылған жоқ. Ең өтімді бензин маркаларының құны бірден 3 теңгеге өскен.
Яғни, АИ-95 пен АИ-92 қымбаттап жатыр. АИ-95 бұған дейін149 теңге болса, бүгіннен бастап 152 теңге. Ал АИ-92-нің құны 129 теңгеге барған. Дегенмен, кейбір жанармай құю бекеттеріндегі сұйық отынның бағасы әлі өзгеріссіз тұр. Қымбатшылық себебін түсіндіретін әзірге бірде-бір шенді жоқ. Десе де, табиғи монополияларды реттеу комитеті мұның заңды-заңсыздығын тексеріп жатыр екен. Айта кетсек, бұған дейін Үкімет бензин құнын реттеуден бас тартып, бағаны еркіндікке жіберген болатын.