jasqazaq.kz

Бельгияда денсаулық сақтау қызметкерлері ереуілге шықты

01 ақпан 2023, 11:51

Бельгияда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері наразылық шарасын өткізуде: акция қатысушылары жалақыны көтеріп, еңбек жағдайларын жақсартуды талап етіп жатыр. Сондай-ақ аурухана мен қарттар үйлерінде қызметкерлер санын арттыру қажеттігін айтуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Брюссель көшелеріне 20 мыңға жуық адам шыққан.

Билік өкілдері наразылық білдірушілер мәселесі шешуді қажет ететінін мойындады, бірақ әзірге тек жоспар ұсынды.

«Мұнда келгендегі талабымыз – мейірбикелер санын арттыру қажет, сондай-ақ бұл мамандық жастарды қызықтыратындай болуы керек. Себебі бұл мамандықта жұмыс істей жүріп тұрақты отбасылық өмір құру қиын», — дейді медбике Тания Гендерес.

Бельгия кәсіподағы үкіметтің іс-әрекетін сынға алды – коронавирус дағдарысы кезінде көптеген денсаулық сақтау қызметкері жүктемені көтере алмай жұмыстан шығып қалған. Бұл ретте, олардың орны толтырылмай, қызметкерлер науқастарға дұрыс қарай алмай жатыр. Соған қарамастан бюджеттен бұл саланы қолдау шаралары қарастырылмай отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде