jasqazaq.kz

Бекзат Алтынбеков: Конституциялық реформа – дамудың тың бағытын таңдау

26 қантар, 20:33

Конституциялық реформалар – әлемдік геосаяси ахуал талаптарын ескере отырып, мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы дамудың тың бағытын таңдау. Бұл туралы Конституциялық комиссиясының мүшесі, «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының Төрағасы Бекзат Алтынбеков мәлімдеді.
Алтынбековтың айтуынша, әрбір өзгерістің өз мазмұны мен маңызы бар. Бұл қадам – сананың жаңғырғанын көрсететін негізгі құбылыс.
«Қызылордада өткен Ұлттық Құрылтайдың V отырысында күн тәртібіне мүлде тың бастамалар көтеріліп, болашақтың жарқын бағдары нақтыланды. Құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық Құрылтайдың тарихи мән-маңызы зор әрі айрықша жауапты миссиялары табысты аяқталды деп санауға болады. Енді жаңа институт ретінде Қазақстанның Халық Кеңесін құруды ұсынамын», – деп, тарихи мәлімдеме жасады. Ал, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі ретінде мен осы Халық Кеңесінің құқықтық мүмкіндіктері мен қызметі Ата заңымыздың жаңа редакциясында жан-жақты нақтылану керек деп санаймын», – деді ол өз сөзінде.
Сонымен қатар Комиссия мүшесі бірқатар ұсыныстарға баса назар аудардып, қолдауын білдірді. Олар – «Қазақстан Республикасының Халық Кеңесі ҚР халқының мүдделерін қорғайтын жоғары консультативтік орган болып табылады» мен «Қазақстан Республикасының Халық Кеңесінің құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарынан жасақталады» деген нормаларға байланысты.
«Ортаға салынған ұсыныстарды қолдаймын. Жаңғыру дәуірінде аса зор тарихи миссияны атқаруға ҚР Халық Кеңесінің қызметі мен өкілеттігі, құқығы мен міндеттері осылайша Ата заңымызда нақтыланған жағдайда ғана оның қызметі баянды да нәтижелі болары сөзсіз. Әзірге менің ұсынысым – осы», – деп аяқтады Алтынбеков.

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді