jasqazaq.kz

Бейжің қою тұманнан көрінбейді (видео)

04 қантар 2017, 11:29

Қытайда жұмыс істейтін британиялық Чес Поуп YouTube желісінде Бейжіңді торлаған қара түнектің бейнекөрінісін жария етті.

Жедел түсірілген бейнекөріністе 20 минуттың ішінде қаратүнектің Қытай астанасының аспанын қалай басып қалғандығы айқын байқалады. Сейсенбі, 3 қаңтар күні Қытай ауаның ластануына байланысты дабылдың ең жоғарғы «қызыл» деңгейін жариялады, деп жазды ҚазАқпарат  Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қаратүнектің салдарынан әуе рейстері кешігуде, кейбір автомагистральдарда жолдар жабық, жеке көлікпен жүруге тыйым салынған. Қаратүнек Қытай астанасын жыл бойына торлап тұратын кездері болады. Дегенмен, жылу маусымы басталған қараша айының орта тұсы мен наурыз айы аралығында бұл проблема ерекше өзектілене түседі.

2017 жылы Бейжің қоршаған ортаның ластануымен күреске 2,5 миллиард доллар шығындауды жоспарлап отыр.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар