jasqazaq.kz

Бейбіт митинг өтті (Видео)

27 желтоқсан 2022, 17:46

 

Бүгін Астанада рұқсат етілген бейбіт митинг өтті. Тұрмыстық тақырыпта. Жиылған жұртшылық жарты сағатта тарқасты.

Бұл митингті астанадағы «Caspian Palase», «Ишим», «Нұр-Қанат» тұрғын үй кешендерінің тұрғындары ұйымдастырды. Мәселе, «Мәңгілік» деп аталатын тұрғын үй құрылысына қатысты көтерілді.

Жиналған халықтың айтуынша, жаңадан құрылыс бастауға аула тарлық етеді. Оның үстіне, қимыл-қозғалыс қиындайды деп отыр. Тіпті, құрылысқа рұқсат бар ма, жоқ па деген заңды сұрақ қойып, жауап талап етті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Өз кезегінде, BI Group компаниясының лауазымды өкілі Айбар Мұқанов былай деп мәлімдеді.
«Құрылыс жүргізудің нақты заңнамасы бар. Біз сол заңнамаға сүйене отырып шешім қабылдаймыз. Яғни, жергілікті әкімшілік, Сәулет-құрылыс саласына жауапты мекемелер өз рұқсаттарын берген. «Мәңгілік» тұрғын үй кешенін салу сол ауланы айналымға келтірмей тастайды деген сөз шындыққа жанаспайды. Ол үйдің өзіндік автотұрағы, абаттанған ауласы болады. Заман талабына сай технологиямен салынады. Ең бастысы біз заң шеңберінде ғана жұмыс істеп жатырмыз»-деп жауап қатты құрылыс компаниясының жауапты өкілі.
Бейбіт шеру мерзімінен бұрын аяқталды. Тұрғындар да, құрылыс компаниясы да бұл мәселені ымырамен шешуге мүдделі екендіктерін танытты.

 

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты