jasqazaq.kz

Бейбіт Қорғанның гонорары қанша?

01 наурыз 2023, 10:57


Отандық әнші Бейбіт Қорған дүние-мүлікті бірінші орынға қоймайтынын айтты. Өнер иесі отандық бағдарламаға қатысып, гонорарының қанша екенін айтты. Бағдарлама барысында жүргізуші әншіден «Біреу өзінің қуанышына шақырғысы келсе, қаншалықты қолжетімдісіз?», — деп сұрады. Ал әнші дүние-мүлікті бірінші орынға қоймайтынын ашып айтты. «Негізі ұстанымым дүние-мүлікке байланысты адам емеспін. Талай адаммен араласамыз. Көз алдымда кедей адам байға айналды, бай адам кедейленді. Өз басым адам таңдамаймын. Дүние-мүлікті бірінші орынға қоймаймын. Бірақ кейде қарапайымдылығыңды әлсіздікке санайды. Алдап кететіндер болады. «Концертіңді жасап беремін» деп алдап ақша алады. Ел-жұрт сияқты барып, өлең айтып келгенімізге бір миллион теңгедей аламыз. Эконом класспен ұша береміз, халықтың арасында жүре береміз.Тыңдармандарым қатты сыйлайды, құрметтейді. Мені көтерген қазақ халқы, сондықтан халқыма қызмет етемін», — деді Бейбіт Қорған.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық