
Сот Тұрсынғали және Ләйсира Алагөзовтердің ісін өткен айда қарай бастаған.
Сот актілері базасында ерлі-зайыпты Алагөзовтердің бір-бірінің үстінен шағымданғаны туралы мәлімет бар. Ләйсира сотқа арызын 1 ақпанда түсірсе, Тұрсынғали 14 ақпанда беріпті.

caravan.kz хабарлағандай, әлі ажыраса қоймаған Алагөзовтердің екі баласы бар. Олар: қызы Әмина мен ұлы Арсен.
Ал Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзов өздерінің осы көктемде үйленейін деп жатқандарын айтқан болатын. «Көктемде күн жылыған кезде, бәлкім, мамыр айында тойлайтын шығармыз» деген еді бизнесмен.

Әлеуметтік желідегі соңғы фотосуреттеріне қарағанда, болашақ жұбайлар қазір Мальдивте бірге демалып жатыр.