jasqazaq.kz

Баян Есентаеваның күйеуіне қатысты сот 18 қазанда

28 қыркүйек 2016, 16:52

20160803125002

Бахытбек Есентаевтың ісі бойынша сот отырысы Талдықорғанда 18 қазанда өтеді. Бұл туралы айыпталушының қорғаушысы Бекболат Жексейітов хабарлады.

«Алқа билерге кандидаттарды іріктеу процедурасы жүргізілді, алайда сот бұл үдерісті жарамсыз деп тапты. Сондықтан келесі сот отырысы 18 қазанда Талдықорғанда өтеді. Кандидаттардың саны 17-ден аз болды. Заң бойынша іріктелген үміткерлердің саны 17-ден кем болмауы тиіс», — деп атап өтті айыпталушының қорғаушысы Бекболат Жексейітов.

Ол 17-ден астам үміткер келгенін, алайда әрбірі өз құқықтарын, сотқа қатысушылар өз құқықтарын жүзеге асырғанын айтты.

«Қорғаушы тарап себебін айтпай үш алқа би үміткерін тізімге алмау құқығын пайдаланды, мемлекеттік айыптаушы екі алқа би үміткерін алып тастады, осылай заңда көрсетілген межеден үміткерлер саны аз болып қалды. Сондықтан сот бұл үдерісті жарамсыз деп тапты», — деп түсіндірді ол. Ал сот отырысына келмеген Баян Есентаева Үндістанда ем алуда.

ҚазАқпарат

29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты