
Баян Есентаева инстаграмда кезекті жазбасын бөлісті. Ол өз ойын дайын картина арқылы жеткізуді жөн көрген екен.
Продюсер бөліскен картинада «Бұл айтқанымды жақсылап есіңе сақта және ешуақытта ұмытпа. Әлсіз әйел үнемі әйелді кінәлауға дайын тұрады» деп жазылған. Ал өзі оның тұсына «Дәл осылай!» деп жазып қойған екен.

Баян Есентаеваның не себепті бұл картинаны бөліскені белгісіз. Десе де, ол пікір жазуды бұғаттап қойыпты. Соңғы кезде продюсер мұны әдетке айналдырды. Ал бұл жазбаға 35 мың лүпіл басылған екен.