Танымал продюсер Баян Есентаева Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарында тегін өзгертіп жазды.
Танымал продюсер Баян Есентаева Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарында тегін өзгертіп жазды.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін танымал жұлдыз жұбайы Бақытбек Есентаевпен арада болған жанжал туралы айтып берген болатын. Баян өзінің күйеуімен ажырасып кеткенін растады.
Сондай-ақ, жақында Баян әлеуметтік желілердегі парақшаларына Үндістанда түскен суреттерін жариялады. Ол үнді елінде құрбыларымен бірге демалып, ем қабылдап жүр. Сонымен қатар, белгілі продюсер қазір ізденіс үстінде жүргенін, жаңа өзгерістер күтетінін айтқан.
10 маусым күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып, жұбайы Бақытбек Есентаев қамауға алынды. Қайғылы оқиға Талғар ауданының тас жолында орын алған.