jasqazaq.kz

Баспаналы болудың оңай жолдары

20 ақпан 2017, 10:14

Алматы тұрғынына айналған әрбір екінші азаматтың бас қайғысы пәтер мәселесі болар?! Бұл шаһарды он, тіпті жиырма жылдан астам уақыт мекен етіп жүрсе де, тұрақты баспанасы жоқ жандар жетіп-артылады. Жалдамалы пәтерді жағалаған ағайынға қарап жекеменшік үйге қол жеткізудің мүмкіндіктерін жоққа шығаруға болмас. Бүгінде жеке баспана алуға ұмтылған азаматтар үшін тұрғын үйге ие болудың бірнеше жолы бар.

Baq.kz сайтының хабарлауынша ең әуелі пәтерді мемлекеттік бағдарлама бойынша алуға болатынын көпшілік жақсы біледі. Бұл – балалары бар жас отбасыларға, мемлекеттік қызметкерлерге арналған бағдарлама. Ол Тұрғын үй құрылыс жинақ қорының көмегімен алдын-ала несие алу арқылы жүзеге асырылады.

Жекеменшік пәтерге қол жеткізудің тағы бір жолы – үйді несиеге алу. Сіз алдымен пәтерді алып, ал содан кейін ипотекалық несиені төлейсіз. Бұл іске банктер, сақтандырушылар және бағалаушылар араласады. Дегенмен несиеге үй алған адамның қарызы ұзақ мерзімге созылатыны белгілі. Табыстың тұрақсыздығы, инфляция, келеңсіз жағдайлардың орнауы белгіленген уақытта несиенің төленбей қалуына әкеледі. Тұрғын үйге қол жеткізудің бұл жолы кей кезде баспаналы болудың бақытына емес, керісінше қарызға белшеден батырып, қайғылы жағдайға душар етіп жатады. Әсіресе соңғы кездері мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан мамандар несие арқылы баспана алуды таңдамауға кеңес береді.

Жеке пәтерге ие болудың тағы бір жолы ретінде ғимарат құрылысына үлескер болып қатысуды атап өтуге болады. Дегенмен бұл әдіс қомақты қаражаты бар жандарға арналған. Ондай қаржы көзі болған жағдайда қала маңынан жер телімін сатып алып, өз күшіңмен қалауың бойынша үй тұрғызу әлдеқайда тиімді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық