jasqazaq.kz

Баспана мәселесін шешуге мүдделі

02 маусым 2017, 19:54

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин өңірімізге жұмыс сапарымен келген «Тұрғын үй-құрылыс жи­нақ банкі» акционерлік қоғамының өкілдерімен кездесіп, өңірде «Нұ­рлы жер» бағдарламас­ын жүзеге асырудың мүмкіндіктерін қарастырды.

«Тұрғын үй-құрылыс жи­нақ банкі» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова бастап келген банк өкілдерімен өткен кездесуде өңір басшысы ел игілігіне айналар, халыққа шарапаты тиер іске әрдайым дайын екендігін білдірді.

– 2012-2016 жыл­дар аралығында облыс аумағында тұрғын үй құрылысы бағдарлама­сын жүзеге асыру барысында «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының салымшылары үшін  51,7 мың шаршы метр немесе 600 пәтер пай­далануға берілді. Жыл басынан бері «Н­ұрлы жер» бағдарлама­сы жүзеге асырыла бастады. Бағдарламада баспана мәселесін шешудің жаңа тиімді жолдары қарастырылған, – деді облыс әкімі өз сөзінде.

Кездесуде банк басшылығы өз мүмкіндіктері арқылы «Нұ­рлы жер» бағдарламас­ын жүзеге асыруға атсалысатындықтарын айтып өтті. Басқар­ма төрайымы Ләззат Ибрагимованың сөзіне қарағанда,  еліміздегі тұрғындардың көбі «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының салымшылары. Оларды сапалы әрі арзан баспанамен қамтамасыз етуге банкте ынталы.

– Статистикалық деректерге қарағанда Қазақстанда тұрғын үй салу бойынша өткен жылы рекордтық көрсеткіш, яғни, 10,2 миллион  текше метр баспана пайдалануға берілді. 2017 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 3,2 миллион текше метрді құрады. Ал, Ақмола облысына келетін болсақ, жыл соңына дейін барлығы 400-500 пәтерді пайдалануға беру көзделген. Осыдан-ақ, қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуде «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының  рөлі зор екенін аңғаруға болады. Жалпы, облыстарыңыздың əрбір тоғызыншы тұрғыны біздің банк салымшысы. Оларды баспанамен қамтамасыз ету біздің міндетіміз, – деді басқар­ма төрайымы.

Кездесу соңында облыс әкімі Мәлік Мырзалин мен «Тұрғын үй-құрылыс жи­нақ банкі» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова өзара әріптес­тік туралы меморанду­мға қол қойды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық