jasqazaq.kz

Баспагер Арман Әлменбет: Балаң қазақша білмесе және соны мақтан көрсең, онда сен екінші сортсың

06 ақпан 2023, 11:07


Қазақ болу деген басқаларды жек көру емес, өзіңнің табиғатыңа сай болу деп есептейді, белгілі баспагер, жазушы Арман Әлменбет. Ол өзінің Facebook парақшасында қазақ тіліне қатысты бірқатар ұстанымдарын жазып бөлісті.

«Біз, яғни қазақша өскен қазақтар, өзімізді екінші сорт сезінеміз. 99 пайызымыз сондаймыз. Оны айтпасақ та, аттап басқан сайын ісімізбен, сөзімізбен көрсетіп қоямыз. Мысалы… Егер сен банкоматқа барғанда орыс тілін таңдасаң; Егер сен бір мекемеге барғанда, қоңырау шалғанда алдымен орысша сөйлесең; Егер сен Әйгерімді Айгера, Айнұрды Айнура десең (өйткені орыстардың аттары Наташа, Лена, Саша, Ксюша ғой), ата дегенді аташка (дедушка), әже дегенді әжека (бабушка), апа/әпке-сіңілі/қарындас дегенді сестра дейтін болсаң; Егер сен балаңа ат қойғанда ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө, һ деген әріптері жоқ аттарды таңдауға тырыссаң;

Егер сен орысша сөйлеген адаммен сыпайы сөйлесіп, қазақша сөйлеген адамдарды басына сөйлейтін болсаң; Егер сен қазақша кітап оқымасаң, ютубтан қазақша видеоларды ашпайтын болсаң, қазақша шыққан киноларды менсінбесең, тек орысша не ағылшынша контентті ғана қызықтасаң; Егер сен балаңды орыс сыныбына берсең; Балаң қазақша білмесе және соны мақтан көрсең, онда сен екінші сортсың және соған көндіккен адамсың. Ауруды емдеу үшін мойындау керек. Егер екінші сорт екенің рас болса, онда соны мойында да, жоғарыдағы әдеттеріңнен құтылып, керісінше істе.

Өз-өзіңді қор сезінбе, басыңды көтеріп жүр, бір-біріңді қолда, белсенді бол. Мына ел біздікі. Біз қазақша сөйлесіп, қазақша өмір сүретін бақытты елге айналуымыз керек»,- делінген жазбада.
Айта кетейік, соңғы кездері кез келген ортада қазақ тілін талап етушілердің қатары көбейіп келеді. Сондықтан оның қолданыс аясын кеңейтіп, әрқашан «қазақ тілін» таңдайық.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:04
В Туркестане стартовал «Летний книжный Fest»
Бүгін, 12:41
В Кентау расширяется сфера применения казахского языка
Бүгін, 10:04
Еуразиядағы жаңа әуехаб
09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж