jasqazaq.kz

Бас санитария дәрігері қазақстандық ата-аналарға үндеу жасады

28 желтоқсан 2022, 12:50

Бас санитария дәрігер — Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова балалар арасында тұмаудың өршуіне байланысты Қазақстан халқына үндеу жолдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Вице-министрдің айтуынша, эпидемиялық маусым басталғалы, яғни 1 қазаннан бері Қазақстанда 2,2 миллион жіті респираторлық вирустық инфекциялар және 2 284 тұмау жағдайы тіркелген, аурудың 65 пайызы 14 жасқа дейінгі балаларда кездескен.

Бас санитария дәрігері Қазақстан халқына балаларды адам көп жиналатын жерлерге апармауды сұрап үндеу жолдады.

«Ата-аналарға өтініш айтқым келеді. Бүгінгі күні барлық әлеуметтік желілерде балалардың дене қызуы көтеріліп, оны түсіру қиынға соғатыны туралы ақпарат толып жатыр. Өтініш, қазіргі жағдайды ескеріп, балалардың денсаулығына абай болыңыздар. ЖРВИ және тұмау балаларда асқынып тұр. Жаңа жыл мересі кезінде және қаңтарда аурушаңдықтың жоғарылауына байланысты балаларды мектеп пен балабақшаға, сауда орталықтарына және басқа да адам көп жиналатын орындарға апармаңыздар», — деді Айжан Есмағамбетова.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде