jasqazaq.kz

Бас прокурор: Мәсімов пен Садықұлов ҰҚКД ғимараттарынан кетуге бұйрық берген

06 қантар 2023, 10:05

Бас прокурор Берік Асылов ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Әнуар Садықұлов ҰҚК департаменттері ғимаратынан кетуге бұйрық бергенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Аймақтық құқық қорғау ведомстволары басшыларының қызметтік өкілетін асыра пайдалану деректеріне жеке тоқталып өтейін. Тәртіпсіздіктің ең қызған шағында Алматы, Алматы және Қызылорда облыстары ҰҚК департаменттерінің жеке құрамы түгел дерлік өз ғимараттарын тастап кеткен.

Тергеу мәліметтері бойынша, 5 қаңтарда ҰҚК төрағасының орынбасары Садықұловтан жеке құрамның ғимараттан шығуға дайындығы туралы жазбаша бұйрық келіп түскен. Мәсімовтің тапсырмасы бойынша Алматы қаласы мен Қызылорда облысындағы ҰҚКД ғимараттары бос қалды. Сондай-ақ, басшылықтың пәрменімен Алматы және Жамбыл облыстарының Полиция департаменттерінің ғимараты қараусыз қалды», — деді Асылов Мәжіліс отырысында.

Ол бұл басшылар әлсіздік танытқанын мәлімдеді.

«Нәтижесінде тәртіпсіздікті басу үшін дер кезінде шаралар қабылданбады. Соңында Алматы мен Талдықорған екі күн бойы толығымен қарулы қарақшылардың қолында болды. Олардың қолына тұтас арсенал түсті — 3 мыңға жуық автомат, тапанша, снайперлік винтовка және ондаған мың оқ-дәрі. Яғни, осы басшылардың кінәсінен ең қауіпті қару бүлікшілердің қолында болып шықты», — деп түсіндірді Асылов.

Ол 2 мыңға жуық қарудың қайда екені әлі белгісіз екенін айтты.

«Арнайы прокурорлар өкілетін асыра пайдалану деректері бойынша тергеуді аяқтады. ҰҚК-нің үш облыстық департаментінің, Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшыларына және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық істер сотқа жіберілді. Қазір сот процестері жүріп жатыр. Олардың кінәсінің дәрежесі мен жаза шарасын сот анықтайды. Жамбыл облысы ПД экс-басшысына қатысты қылмыстық қудалау өліміне байланысты тоқтатылды — ол өзін атып өлтірді», — деп түйіндеді сөзін бас прокурор.

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка