jasqazaq.kz

Бас Прокуратура: Бүлікшілер шабуылды алдын ала сызылған жоспар бойынша жүргізген

05 қантар 2023, 14:02

Қаңтар оқиғасы кезінде бүлікшілер шабуылдарды алдын ала сызылған жоспар бойынша жүргізген. Бұл туралы Бас прокуратураның «Қаңтар оқиғасы: Дерек пен дәйек» деректі фильмінде баяндалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы әкімдігіне от қояр сәттегі мына кадрларға назар аудару керек. Полиция қызметкерлері бейбіт келссөз жүргізуге тырысып жатқанда, бір арандатушы ортаға түсіп, көпшілікті жаппай тәртіпсіздікке үндейді. Әкімдікті өртеген соң, бүлікшілер іргедегі Президент резиденциясына шабуылдайды. Бұл сәттегі кадрларға қарасақ, шабуылдың алдын ала сызылған жоспар бойынша жүргізілгені анық байқалады. Алдымен темір қоршауды жүк көлігімен соғып, сосын ғимаратқа қарай бет алады. Қалқандармен қорғана отырып, күзетшілерге оқ жаудырады», — делінген Бас прокуратура ұсынған деректі фильмде.

Ведомство мәліметіне сәйкес, Қаңтар кезінде 12 ұйымдасқан қылмыстық топ әрекет еткен. Олардың ішіндегі белсенділері «Айшуақ-Жантүгел» және «Дикий Арман» топтары. Соңғысы қаланың әр жерінен 24 азаматты ұрлап, ұрып-соғып «Қазақстан» және «Ritz Carlton» қонақ үйлерінің паркингінде ұстаған. Деректі фильмде аталған қылмыстық топтық қолында болған азамат сол кезде көрген қорлығын күйзеліспен еске алды.

«Барлығымызды сол жерде өте қатты азғындықпен ұстады. Ұрып-соғып, қан жоса етіп, таңертең сағат 11-лер шамасында барлығымызды мал сияқты жүк көлігіне тиеді. Ол контейнерде ұрып-соғып, бір тәулік ұстады», — деді жәбірленуші.

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка