jasqazaq.kz

Бас прокуратура: 68 кәсіпорын 1,5 миллиард теңге берешегін өтеді

31 қантар 2023, 10:39

Былтыр прокуратура өкілдері мемлекет органдармен бірге 68 кәсіпорында еңбек ететін 4 мың қызметкердің 1,5 миллиард теңге алашақ қарыздарын қайтаруды қамтамасыз етті деп хабарлайды JQ-Aqparat Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жалақы дауы бойынша берешекті өндіру мақсатында деректерді алмасып, дебиторлармен жұмыс та қарқынды іске асып борышкерлердің мүлкін іздеу де жүріп жатыр.

«Мысалы, «Тамыр» ЖШС компаниялар тобы 243 қызметкерге 60 млн теңге қарыз болған. Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының ұсынысымен кәсіпорын қарыздарын толық төлеп, жұмыс беруші ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Анықталған бұзушылықтар бойынша 66 ұсыну енгізіліп, 228-ге жуық адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 72 млн теңгеге айыппұл салынып, әкімдіктермен 266 рұқсат қайтарып алынды және 150 шетелдік азамат елден шығарылғанын» мәлімдеді Бас прокуратураның баспасөз қызметі. Прокурорлар толтырған акті бойынша былтыр 30 мың жұмысшының жалақысына үстемақы белгіленіп, 600-ден астам қызметкер өтемақысын алған. Әкімшілік жауапкершілікке 226 адам тартылған.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді