jasqazaq.kz

Бас имамды не үшін сотқа сүйреді?

15 ақпан 2017, 22:41

Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» мешіті жанындағы «Зекет» қорының заңды өкілі Дәмен Өмірбек бас имам Төлеби Оспанды сотқа берді. Талапкер қысымды тоқтатып, жұмыс жасауына кедергі келтірмеуді сұрайды. ҚазАқпарат хабарлағандай, Дәмен Өмірбек 2011 жылдан бері «Нұр Ғасыр» орталық мешітінде жұмыс істеп келеді. 2015 жылы «Зекет» қорының заңды өкілі қызметіне ресми кірісіп, халықтан жиналған қаржы мен мүліктің 20 пайызын айлық ретінде ай сайын алып отыруға келісім шарт жасады.

Жұмысында еш қиындық пен келіспеушілік болмаған қызметкер бар кедергінің бас имам Төлеби Оспан келген соң басталғанын мәлімдеп, сотқа арыз түсірді. Алғашқы тыңдалым өтіп, келесі аптада №2 қалалық сотында отырыс басталады. «Төлеби Оспан алғаш күні-ақ «Сен маған ұнамайсың. Арыз жазып, өз еркіңмен жұмыстан шық. Астанадан наиб-имамдар келеді. Солар келгенше орныңды босат. Сенің орныңа солардың біреуін ұсынамын немесе бұл жұмысты өзім атқарамын», — деді. Кейін өз еркіммен арыз жазып кетсем, дастархан жайып, шапан жабатынын жеткізді. Мен алдымен келісіп, кабинетінен шыққан соң ойнанып, бас тарттым. «Сен маған ұнамайсың» деген сөзі ар-намысыма тиіп, сотқа арыздандым», — деді Д.Өмірбек.

Мешіт қызметкері заңсыздық туралы арыз жазып, облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы М.Райымқұлов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан көмек сұраған. Бірақ ешқайсысынан жауап жоқ. «Бұрын ай сайын орташа есеппен 34 мың теңге жалақы алған едім. 2016 жылдың мамыр айынан бастап еңбекақы берген емес. Жауапкердің заңсыз әрекеттерінен соң маған келтірілген моральдық залал мөлшерін 200 мың теңге деп бағалаймын. Сонымен қатар, 10 айдың еңбекақысын, 308 мың теңгеден астам жалақыны өндіруді сұрап отырмын. «Зекет» қорындағы жұмыстан шеттетілдім, сол қызметке қайта кіріскім келеді. Мен өндірген бар қаржыны медресеге беруді ойлап отырмын. Маған ақша емес, әділдік керек», — деді Д.Өмірбек.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық