jasqazaq.kz

Барханды: Отандық газ өндірісінің жаңа әлеуеті

27 желтоқсан 2025, 13:02

Еліміздегі “көгілдір отын” өндірісінде тағы бір кеніш іске қосылды. Барханды кен орны отандық газ өндірісіне тың серпін бергелі отыр, деп хабарлайды jasqazaq.kz.  
“QazaqGaz” ААҚ мәліметінше, Жамбыл облысындағы Амангелді кеніштері тобына жататын Бархандыда алдағы жылы 30 млн текше метр “көгілдір отын” өндіріледі. Ал 2028 жылы кен орны толық өндірістік қуатына көшеді деп жоспарланып отыр. Сол кезде мұнда жылына 65 млн текше метр газ өндіріледі.
Барханды кеніші, сондай-ақ, бюджетке салық түсімін көбейтіп, құны 18,6 млрд теңгені құрайтын келісім-шарттық міндеттемелерді орындауға мүмкіндік береді. Тағы бір тиімді тұсы -жаңа жұмыс орындарын ашуға, әсіресе, отандық газ саласы мамандарын қызметке тартуға септігін тигізеді.
Айта кеткен жөн, маңызды нысанды іске қосу Мемлекет басшысының елімізде газ қорын молайту және энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы бойынша іске асырылды.
JQ-Aqparat

Сурет: QazaqGaz

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді