jasqazaq.kz

Банктер біріге ме?

03 ақпан 2017, 14:03

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев банктерді біріктіру туралы айтты. Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевқа қолдау білдіріп, екінші деңгейлі банктерді біріктіру жайын айтты.

«Банктер әлсіз. (…) Солай ма? Әлемдік дағдарыс болған кезде Exxon мен Mobil сияқты ірі компаниялар бірікті, Shell және British gas бірігіп жатыр… Біріксін. Акционерлер банктерін сақтап қалғысы келсе, ақшаларын қояды. Банктерді сақтаудың басқа жолы жоқ. Олар экономикаға қажетті емес, яғни, олардың жұмыс істеуге құқы жоқ. Батыл жұмыс істе, ешкімнен қорықпа», — деді Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк басшысына. Бұған Данияр Ақышев «Құп болады!» деп жауап берген еді.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев «Егер біреу араласып, тиісіп жатса маған тегін айт» деген еді Ақышевқа.
Айта кетейік, үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Ұлттық банк басшысын қолдайтынын айтқан болатын. «Менің байқауымша, Ұлттық банк тәртіп орнатқан сайын, Ұлттық банк төрағасына шабуылдар да көбейіп кеткен», — деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

serke.org

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуда
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты